» » Мектеп тарихы

 
 
 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 4-05-2016, 21:32, посмотрело: 1337

0

 

 

 


 

1930 жылы күзде бұрынғы Қызылқұм ауданы жаңа Шардара ауылының территориясында, қазiргi Шардара ауданы "Восход" совхозының орнында Шардара мақта совхозы ұйымдастырылды. Сол жылы қыркүйек айында орыс- қазақ бастауыш мектебi ашылды. 1936 жылы қыркүйекте қазақ- орыс бастауыш мектебi ажыратылып, екеуi де орталау мектепке айналдырылды да, А.С.Пушкин атындағы орталау мектеп болып аталып, оның бiрiншi директоры болып Жұмагелдиев Хамзе болды.

А.С.Пушкин орталау Жұмагелдиев Х 1 қыркүйектен аудандық оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi болып тағайындалды да, сол кезде Ленин орта метебiнiң директоры болып жұмыс iстейтiн Патсаев Қаныбек А.С.Пушкин мектебiне директор болып ауыстырылды. Алғашқы оқытушылар- Әбдиева, Әбiшев, Сыдықов, Полущик, Өтегенов Торыбай, Сыбанов Сүттiбай, Әлиев Санар, Алтынбеков Камал, Калшин, Таубаев Ш. 1942 жылдың февралында Қ.Патсаев әскери улилищеге кеткен соң, мектепке директор болып, Қызылқұм совхозында қазақ - орыс орталау мектебiнде завуч болып жұмыс iстеп жүрген Өскенов Әкiмбек А.С.Пушкин мектебiне директор болып келдi. 1945 жылы А.С.Пушкин, Ленин жолы, Еңбекшi орталау мектептерi қосылып, А.С.Пушкин мектебi болып аталды. Мектептiң директоры Жақсылықов Дiнәсiл болған. 1947 жылы сәуiрiнен Өскенов Әкiмбек сол А.С.Пушкин мектебiне директор болып оралды. Мектепте сол жылдары 350- ге тарта оқушы болған. 1949 жылы елге гректер көшiп келуiне байланысты, орыс кластары ашылды. 10 колхоздың қазақ балалары Еңбекшi ауылында, ал орыс кластары Алғабаста оқыды. Өскенов Әкiмбек ағай 1983 жылға дейiн директор болып жұмыс iстеп жүрiп, зейнеткерлiкке шықты.

1983 жылдан бастап Данияров Сырлыбай ағай директор болып тағайындалып, 1994 жылға дейiн осы қызметтi атқарды. Мектепте бiлiм сапасына, оқушылардың тәрбиесiне баса назар аударылып, аудан көлемiнде жақсы жетiстiктерге жетiп отырды.Атап айтар болсақ: Бекжанова Қызданай "Еңбектегi Ерен еңбегi үшiн" медалiмен, Исаева Құндызай "Облыстық бiлiм департаментiнiң Құрмет грамотасымен" марапатталды.

1994 жылдан 1999 жылға дейiн Өскенов Есенбек ағай директорлық қызметiн атқарды. Iскер басшы аудан көлемiнде мектептiң жақсы жетiстiктерге ету үшiн аянбай еңбек еттi. Қазақстан Республикасы министрлер кабинетінің 1994 жылғы мамыр айындағы № 27 актілер жинағының № 297 қаулысына сәйкес А.С.Пушкин атындағы орта мектеп № 29 "Қызылқұм" орта мектебі мекемесі болып өзгертілді. Осы жылдары Мырзабаева Әсия "ҚР Бiлiм министрлiгiнiң грамотасымен " марапатталды. Сол жылдары мектеп бiтiрген түлетер бүгiнгi күнде - Әбдиева Роза, Шойбекова Ғазиза филология ғылымдарының кандидаты атанды.

1999 жылы Момынов Бердiқұл директор болып сайланды. Кейiнгi жылдар көлемiнде метебiмiздiң мақтаныштарына айналған бiрнеше облыстық олимпиадаларда жүлделi орындарға ие болған оқушыларымызды атап өтсек. Олар: Айнабеков Нұржан, Өстенов Бағдат. Кiшi ғылым академиясының жүлдегерi Битемирова Жазира (жетекшсi - Спатаева Сәндiгүл) . 
2011 жылдың наурыз айының 1- шi жұлдызынан бастап, "Қызылқұм" жалпы орта мектебi" мемлекеттiк мекемесiне Кекилова Жамила директор болып тағайындалды. Осы уақыттан бері 6 оқушы "Үздік куәлік", 2 оқушы "Үздік аттестат", 2 оқушы "Алтын белгі" белгісімен және 17 оқушы аудандық және облыстық олимпиадалардың жеңімпаздары атанған. 2 Кіші Ғылым академиясының жеңімпазы атанған. Бүгінде мектеп ұжымында 93 мұғалiм оқушыларға сапалы бiлiм, саналы тәрбие беруде. Оқушылардың саны жылдан жылға- жыла өсiп келедi. Биылғы 2016 2017 оқу жылында мектебiмізде 728 оқушы бiлiм алуда. Мектеп алды даярлық тобында 71 тәрбиеленуші тәрбиеленуде.    

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.