» » Баланы қалай тәрбиелеу керек?

 
 
 

Баланы қалай тәрбиелеу керек?

Автор: admin от 10-05-2016, 00:12, посмотрело: 830

0
               Баланы қалай тәрбиелеу керек? Ата- аналарға кеңестер

Бала – ол өте нәзік те сезімтал адам. Оның жанын жаралап алу өте оңай, алайда осы бір жара өмір бойы сыздап жүруі ғажап емес. Бала кезінде шешілмей қалған мәселелердің салдары ер жеткен кезде  кейбір психикалық ауытқуларға негіз болатынын ұмытпаңыз

Көптеген ата-аналарды: бір мезгілде қатал да мейірімді бола білу, өз баласының алдындағы ата-аналық биігінен түспей тұрып,  оған қалайда ең жақын дос бола білу жайы көп ойлантады. Төмендегі өте маңызды ақыл-кеңестер, бала тәрбиесі барысында сізге көп көмекберері сөзсіз:

<!-- [if !supportLists] --> 1.        <!-- [endif] --> Көңіл күйіңіз болмай тұрған кезде ешқашан да бала тәрбиесімен айналыспаңыз. Өз балаңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуға тек қана Сіздің көтеріңкі көңіл күйіңіз, оң көзқарасыңыз ғана  әсер етеді.

<!-- [if !supportLists] --> 2.        <!-- [endif] --> Тәрбие сатылы деңгейде жүргізілгені дұрыс. Әр биікке өз уақытында, біртіндеп көтеріліп отырған дұрыс.

<!-- [if !supportLists] --> 3.        <!-- [endif] --> Бала – біздің айнамыз. Олар ең алдымен ата-анасынан үлгі алатынын және көп жағдайда біз өмірде қандай қадамдар жасасақ, олар да сондай қадамға баратыны есте жүрсін.

<!-- [if !supportLists] --> 4.        <!-- [endif] --> Балаңызбен әңгімелесу нәтижелі болуы үшін, ең алдымен ашық жарқын сенімге құрылған риясыз әдісті таңдаңыз. Сіздің сөздеріңіз қатал естілуі мүмкін, бірақ ешқашан да ауыр әрі өрескел болмауы керек. Ақырын әрі сенімді айтылған әңгіме ғана ата-ананың талаптары мен ойларын балаға жеткізе алады.

<!-- [if !supportLists] --> 5.        <!-- [endif] --> Балаңыз үшін керек уақытта қажетті ақыл қосатын, оның қадамдарын айыптамайтын ең жақын досына айналыңыз.

<!-- [if !supportLists] --> 6.        <!-- [endif] --> Өзін және оны қоршаған адамдарды жақсы көруге үйретіңіз. Бұл оны өзіне өте сенімді адам ретінде қалыптастырып, қоршаған ортамен байланысын жолға қоюға көмек береді.

<!-- [if !supportLists] --> 7.        <!-- [endif] --> Бір мезетте қатал да мейірімді бола біліңіз.  Егер сіз балаңызға деген ыстық ықыласыңызды үнемі білдіре отырып, тек керек уақытында ғана ұрсатын болсаңыз, онда бұл сіздің тәрбиеңіз барысында міндетті түрде жемісін береді.

<!-- [if !supportLists] --> 8.       <!-- [endif] --> Оған өмірдегі өз ұстанымына тұрақты болуды үйретіңіз.

<!-- [if !supportLists] --> 9.        <!-- [endif] --> Баланы әр кезде оның көзіне қарап тұрып, мұқият тыңдаңыз, өйткені тек сол сәтте ғана оның ішкі жан дүниесі мен алаңдатқан мәселеге сіздің бей-жай қарамайтыныңызға сенімі болады.

<!-- [if !supportLists] --> 10.     <!-- [endif] -->  Өзіңіздің бос уақытыңызды үнемі балаңызбен өткізуге тырысыңыз. Ондай сәттер баланың өзіндік орнын сезініп өсуге мүмкіндік береді.

<!-- [if !supportLists] --> 11.      <!-- [endif] -->  Жанжалдасқан күйі екі жаққа бөлініп жүре беруге болмайтынын ұмытпаңыз, ең алдымен балаңызбен татуласып алыңыз, содан кейін ғана өз жұмыстарыңызбен жүре берсеңіз болады.

<!-- [if !supportLists] --> 12.     <!-- [endif] -->  Әр уақытта оған қажет болғанда үйде болғаны қандай жақсы екенін жадына салып, мақтап  отырыңыз, себебі ол өзінің қажеттігін түсініп, үнемі үйге асығатын болады.

<!-- [if !supportLists] --> 13.     <!-- [endif] -->  Өзінің жақсы адам екенін ескертіп отыру керек, алайда, басқалардан артық емес екенін  естен шығармай, айтып отырған жөн, себебі оның тым тәкәппар және екіжүзді болып өспегені жақсы.

<!-- [if !supportLists] --> 14.     <!-- [endif] --> Оның таңдауы мен пікіріне құлақ түріңіз. Тіпті сіз онымен келіспейтін болсаңыз да, оны ешуақытта сынамаңыз.

<!-- [if !supportLists] --> 15.     <!-- [endif] -->  Оны өз қадамдары үшін жауап беруге үйретіңіз.  Оның өзін емес,әруақытта жақсы  қадамын бағалап, егер ол дұрыс емес жасаған болса, қателігін көрсетіңіз, оның орнында өзіңіз болғанда былай істер едім деп, таңдау және шешім қабылдау құқығын оның өзіне қалдырыңыз.

<!-- [if !supportLists] --> 16.     <!-- [endif] -->  Ешуақытта оның осыған дейін жасаған қателіктерін еске алмаңыз. Болған нәрсенің барлығын өткен күнге қалдырыңыз.

<!-- [if !supportLists] --> 17.     <!-- [endif] -->  О

Категория: Ата-аналарға

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.